Достық үйінде міндетті сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыруға арналған дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Республикалық Достық үйінде  Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға аудандық сот төрағалары, әкімшілік, этномәдени бірлестіктер өкілдері және Алматы қаласының медиаторлары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны енгізу және оны іске асыру мәселелері талқыланды.  Бітімгершілік рәсімдерін қолдану аясын кеңейту; азаматтардың сот шығындарын барынша азайту, дауды сотқа дейінгі реттеуге тұрғындардың қызығушылын табу жобаның міндеті болып табылады.

Пилоттық жобаның қатысушылары кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты, азаматтық істерді қарайтын аудандық соттар, экономикалық сот, медиаторлар болып табылады. Сотқа дейінгі міндетті медиация төмендегі санаттар бойынша өткізіледі: некені бұзу мен мүлікті бөлу, балалардың мүддесіне қатысты даулар, мұрагерлік, пәтерден шығару туралы және кондоминиум мәселелері бойыншадаулар, займ келісім шарты бойынша, кейбір еңбек даулары және т.б.

Айта кету керек, өткен жылы Алматы қалалық сотының төрағасы  мен Алматы қаласының әкімі дауларды сотқа дейінгі реттеу иснтитуттарын белсенді енгізу және жан-жақты дамытуда ынтымақтастықты нығайту аясында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын.

Қаланың барлық соттарында медиацияны жүзеге асыру үшін бітімгершілік рәсімдерін өткізуге арналған кабинеттер ашылған. Сондай-ақ медиацияны аудан әкімшіліктерінің жанындағы арнайы ашылған кабинеттерде және Достық үйінде де өткізуге болады.

Еске сала кетейік, пилоттық жоба осы жылдың 1 ақпанынан бастап іске қосылды. Бүгінгі іс-шараға қатысушылардың айтуынша , оның әрі қарай дамуын үшін жергілікті атқару билігі органдарының тарапынан кеңейтілген ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстар жүргізілуі қажет.

Қайнар: 
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі