Дауды медиация тәртібімен шешу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер «SP»  ЖШС-нің жауапкер «FC» ЖШС-нен 2 800 000 теңге көлемінде қарыз сомасын, 280 000 теңге көлемінде өсімпұл сомасын туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарынан анықталды,«SP»  ЖШС-гі сотқа «FC»ЖШС-нен 2 800 000 теңге көлемінде қарыз сомасын, 280 000 теңге көлемінде өсімпұл сомасын өндіру туралы арызбен жүгінген.

Тараптар соттан дауды медиация тәртібімен шешу туралы тараптар арасында жасалған  келісімді бекітуді сұрады.

Іс материалдарын зерттеп, сот шешті, тараптар арасындағы дауды медиация тәртібімен шешу туралы келісімді келесі шарттар бойынша бекітті: жауапкер мойындайды, ал талапкер келісім береді талапкердің талап арызы 2 000 000 теңгеге қанағаттандырылуға жататындығына; жауапкер келісімді бекіту туралы сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде талапкерге 1 500 000 теңгені төлейді,  жауапкер келісімді бекіту туралы сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін алпыс жұмыс күні ішінде талапкерге  500 000 теңгені төлейді.

Айтылғандарды есепке ала отырып, сонымен бірге келісімнің шарттары ешкімнің құқытарын шектемейді, әрекет етуші заңнамаға қайшы келмейді және екі тараптың мүддесіне жасалған, сот шешті, келісімді бекітіп, іс бойынша өндірісті тоқтатты.  «SP»  ЖШС-гі мен «FC»ЖШС-гі арасында жасалған дауды медиация тәртібімен шешу туралы келісімі бекітілсін.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты