Бостандық аудандық сотының судьялары халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бостандық аудандық сотының төрағасы А.Баянов, және судьялар әл – Фараби атындағы ҚазҰУ-де өткізілген «Еңбек және басқа да салалық әлеуметтік салаларының қазіргі кездегі даму тенденциялары: мәселелері, ізденістер мен шешімдер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік  конференциясына қатысты.

Конференция барысында ҚР еңбек заңнамасын жаңғырту , кәсіптік одақтар аясындағы заңнаманы жаңғырту және еңбек саласындағы басқа да өзекті мәселелер талқыланды. Бостандық аудандық сотының төрағасы А.Баянов «Еңбек даулары, олардың шешу және алдын ала ескерту тәжірибесі» атты баяндамасымен сөз сөйледі.

Конференция аяқталуымен  оған қатысушыларға сертификаттар берілді.  

Источник: 
Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының баспасөз қызметі