Білім беру несиесі бойынша қарызды өндіру туралы талап арыз қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында талапкер «Финансовый центр» АҚ-ның,  жауапкер Е-ның  қатысуымен мемлекеттік  білім беру несиесі бойынша қарызды өндіру  туралы  азаматтық іс қаралды.

2001 жылдың 1 қаңтарында жауапкер Е. және Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан облыстық техникалық университеті арасында  Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің «Финансовый центр» мемлекеттік мекемесімен үш жақты несие келісімі жасалған.

Келісімге сай  «Финансовый центр» АҚ-ы  жауапкердің оқу шығыны ретінде  338634 теңгені оқу орнынының есепшотына құйған.  30.06.2005 жылғы оқу орнының бұйрығын еске  ала отырып, жауапкер өз мамандығы бойынша оқу орнын бітіргенін дәледеуге болады. Осыған байланысты  «Финансовый центр» АҚ-ы келісім бойынша өз міндетін орындады деп есептейді.

3.3.2 санаты бойынша жауапкер несиені оқу орнын бітірген сәттен  бастап алты ай уақыт өткеннен кеейін төлеу бастауға  міндеттелген. Бірақ жауапкер бұл міндетін орындамаған.

Сот шешімімен талап қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласының Жетісу аудандық соты
Пікірлер мен ұсыныстар