Бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабының 2 бөлігінің 3 тармағымен (ұрлық) сотқа берілген Р.  азаматқа қатысты  қылмыстық іс қаралды.

«Р» сотталушы 1 қаңтарда  2017 жылы, шамамен 3:00 уақытта, Алматы қаласы Туркебаев көшесінде орналасқан №59 үйдің қасында жүріп, «Рено Логан» маркалы автокөлігінің ішінде антирадар орнатылғанын көреді. Оған ешкім қарамайтынына көз жетіп, оталдыру білтесімен алдыңғы бүйір жолаушы әйнекті сындырып, Р. жәбірленуші Б.-ға тиесілі 25 000 тенгеге тең бағалы «Sho-me GT-800» маркалы антирадарды ұрлаған.

Сот үкімі бойынша Р. сотталушы кінәлі деп танылып, оған мүлкін тәркілеумен 1 жыл 6 айға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласының Алмалы аудандық соты