Бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Әуезов аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (ұрлық) айыпталушы Т.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

28 маусым2017 жылы сағат 11.00 шамасында Т. Алматы қаласы 11-ықшам ауданында орналасқан Н.-нің  пәтерінде соңғыға массаж жасау құрылғысын жарнамалау және сату мақсатында бола тұра, Н.-нің қонақ бөлмесінде орналасқан шкаф ішінде тұрған 650 000 теңге ақша қаражаттарын көріп, жәбірленушінің асхана бөлмесінде оның әріптесі Л. шай ішіп отырғанын пайдаланып, жасырын түрде қонақ бөлмесінде орналасқан шкаф ішінде тұрған Н. 650 000 теңге ақша қаражатын жымқырып, оқиға болған жерден бой тасалаған.

Сот үкімімен сотталушыТ. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодекстің 188-бабының 1-бөлігіндегі қылмысты жасауда  кінәлі деп танылып, оған мүлкін тәркілеумен 2 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, осы мерзімге пробациялық бақылау белгіленіп, тұрғылықты жері бойынша өтеліп, жергілікті атқарушы орган айқындаған орында жылына 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылды.

 

Қайнар: 
Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының баспасөз қызметі