Бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Әуезов аудандық сотында, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен  (ұрлық) айыпталушы Б.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

23 қараша 2016 жылы сағат 08.00 шамасында сотталушы Б. Алматы қаласы, Сайын көшесі, №26 үй, №65 пәтерден жәбірленуші Б.-ға тиесілі бағасы 48 000 теңгелік алтын сырға, 37 000 теңгелік алтын алқа және 400 000 теңгені жасырын ұрлап, соңғыға 485 000 теңгеге мүліктік зиян келтірген.

Сот үкімімен, сотталушы Б. Қылмыстық  Кодекстің 188 бабы 1 бөлігімен қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған мүлкін тәркілеумен, 1 (бір) жыл бас  бостандығын  шектеу жазасы  тағайындалды.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңның 2 бабы 3 бөлігі 1 тармағына сәйкес, Б. негізгі жазадан босатылды.

Источник: 
Алматы қаласы Әуезов аудандық соты