Атыс қаруын заңсыз сақтағаны, тасымалдағаны немесе алып жүргені үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігімен сотқа берілген Е-ға қатысты қысқартылған тәртіпте қылмыстық іс қаралды.

2016 жылы қазан айында Е. Алматы қаласындағы Гагарин мен Абай көшелерінің қиылысындағы арықтың жанынан «Макаров» тапаншасын және ішінде болған 7 дана атыс оқ-дәрілерімен бірге тауып алған. Тауып алған тапаншаны және оқ-дәрілерді полиция қызметкерлеріне тапсырмай, өзінің әрекетінің заңсыз және қоғамға қауіпті екендігін біле тұра, қылмыстық әрекетінен бас тартпай, аталған тапаншаны және ішінде болған атыс оқ-дәрілерімен бірге пакетке салып заңсыз иемденіп сақтап, жасырып қойған. Осыдан кейін, Е. жасырып қойған «Макаров» тапаншасын оқ-дәрілерімен бірге алып, өз шаруаларымен Тараз қаласына барған, яғни заңсыз тасымалдаған. Алматы қаласына келген соң, полиция қызметкерлеріне ұсталынған. Полиция қызметкерлері Е-нің жеке тінту жүргізу барысында, оның белдігіне қыстырылған «Макаров» калибрлі тапаншасын және 7 дана атыс оқ-дәрілері алынған. Осылайша Е. атыс қаруын, оқ-дәрiлердi заңсыз иемденіп, сақтап, тасымалдап алып жүрген.

Сот отырысында сотталушы Е. өз кінәсін толығымен мойындады.

Сот Е.-ні ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, оған екі жыл мерзімге жалпы режимдегі түзеу колониясында бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Источник: 
Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының баспасөз қызметі