Алматы қалалық сотының судьясын құрмет демалысына шығарып салды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қалалық сотының төрағасы А.Ештай салтанатты жиналыс барысында қалалық сотының судьясы Гүлғаным Айтимованы құрмет демалысымен құттықтады.

Салтанатты жиында Гүлғаным Айтимованы қалалық сотының төрағасы құттықтай отырып, әріптесіне көпжылдық адал еңбегі үшін алғысын білдірді. Және де қалалық сот судьясы лауазымында қызмет ету жылдарында Гүлғаным Айтимова өзін кәсіби әрі сауатты заңгер екендігін көрсетті. Оның білімі, істің мәніне терең үңілу қабілеті, өзінің мамандығына деген махаббаты сот төрелігін жоғары деңгейде жүзеге асыруға мүмкіндік берді, - деп атап өтті.

Г.Айтимова үлкен еңбек өтіліміне ие – 20 жыллдан астам уақытын қалалық соттың судьясы болып сот төрелігіне қызмет етуге арнаған.

Г.Айтимоваға әріптестеріне тарапынан көптеген жылы лебіздер мен құттықтаулар айтылды. Атап айтқанда, адал және мінсіз жұмысы үшін, жоғары кәсібилік, терең білімі мен тәжірибесі үшін алғыс сөздер айтылды. Өз кезегінде Г.Айтимова барлығына бірлескен жұмыс үшін ризашылығын білдіріп, сот төрелігіне қызмет етуде одан әрі табыстар тіледі.

Іс-шараны аяқтай келе Алматы қалалық сотының төрағасы А.Ештай Г.Айтимоваға қалалық сотының судьяларының атынан гіл шоқтары мен бағалы сыйлықты табыс етті. 

Источник: 
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі