Алматы қалалық сотында Мемлекеттік қызметші күнін атап өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Алматы қалалық сотында Мемлекеттік қызметші күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс қалалық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқановтың, Алматы қаласы бойынша Соттар әкімшісі Данияр Қырықбаевтың, және оның орынбасарларының, сонымен қатар құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының, Алматы қаласының соттарының кеңсе меңгерушілері мен мамандарының қатысуымен өткізілді.

Алматы қалалық сотының төрағасы Н.Әбдіқанов өзінің құттықтау сөзінде: Билікке деген сенім қазіргі қоғамның талаптарына сай мемлекеттік қызметшіден басталады. Елбасы өзінің жоспары «Ұлт жоспары-100 нақты қадамы» мемлекеттік аппараттың кәсіби жетілуіне бағытталған. Біздің елімізде сот жүйесінің нәтижелі дамуы мемлекеттік қызметшінің  өзінің кәсіби міндеттерін орындау деңгейіне тікелей байланысты, - деп атап өтті.

Өзінің мемлекеттік қызметшілерге арналған құттықтау сөзімен Алматы қаласы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы сөз сөйледі. Мемлекеттік қызмет – бұл барлық мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудағы жетекші рөлді атқаратын мемлекет жүйесінің ең маңызды тетіктерінің бірі. Билікке деген сенім қазіргі қоғамның талаптарына сай мемлекеттік қызметшіден басталады. Мемлекеттік қызметшісінің позитивті имиджін қалыптастыру және нығайту мемлекеттік жүйені дамытудың басым бағыттарының бірі болып табылатынын айтып кетті.

Н.Әбдіқанов және Д.Қырықбаев мемлекеттік қызметшілерге зор денсаулық, бақыт, береке-бірлік, халыққа арналған игілікті еңбектеріне жетістік тіледі.

Осы күні салтанатты атмосферада жас мемлекеттік қызметшілер
кәсіби борыштарына адал қызмет етуге ант берді.

Бірқатар мемлекеттік қызметшілер әртүрлі наградалармен марапатталды.

Сонымен, кәсіби  мереке құрметіне кәсіби міндеттерін тиісті түрде орындағаны үшін және жұмыстағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының соттар қызметін қамтамасыз ету Департаментінің 3-жәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен Алматы қаласы бойынша Соттар әкімшісінің орынбасары Зульфия Баки марапатталды.

Мереке қарсаңында Соттар әкімшісінің басшысы Д.Қырықбаевтың Құрмет грамоталарымен жемқорлыққа қарсы күрес және ішкі қауіпсіздік бөлімінің басшысы Рустам Жунусов, Алматы қаласының Әуэзов аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Арсен Бегманов, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты – Лаура Есиркепова, Медек ауданының №2 аудандық соты – Айгуль Тойғамбаева, бас маман-сот отырысының хатшылары Медеу аудандық соты бойынша Ерғалым Шажабаев, Түрксіб аудандық соты бойынша -  Ирина Шамша марапатталды, олардан бөлек соттардың бірқатар мемлекеттік қызметшілерінің еңбектері Соттар әкімшісінің грамоталарымен атап өтілді.

Шара мерекелік концертпен жалғасты.

Қайнар: 
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі