Адамды өлтіргені үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігімен (адамды өлтiру) айыпталған А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен 2017 жылдың 3ақпанында А. мен Р.-дің арасында сөздік жанжал алкогольді масаң күйде болғандықтарынанпайда болғандығы анықталған. Оның барысында А. құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату мақсатында Р.-діңбет тұсынан жұдырықпен соққан, кейін асхана пышағымен қаруланып, кеуде тұсынан бір рет ұрған. Өз кезегінде жарақатталған соңғысы сотталушы А.-дан табалдырықпен төмен түсіп қашқан және жер асты қабатта қайтыс болған.

Сот отырысында сотталушы А. тағылған айыпты толық мойындаған.

Сот үкімімен А.-ге Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігімен 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып сотталған. Жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленген.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі