300 сағат қоғамдық жұмыстарға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының  ҚК-нің 346 бабы 1 бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе)уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) айыпталған М-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

2017 жылғы 10 шілде күні М. алкогольді мастықтың жеңіл деңгейінде бола тұрып, көлік басқарып, Қазақстан республикасы Жолда жүру қағидаларының 2,4,2, және 2,4,1 талаптарымен алкогольді мас күйде көлік басқаруға тиым салынғанын біле тұра, әдейі ескермей, бұрын көлік басқару куәлігінен айырылғанына қарамай, «TOYOTA CAMRY» маркалы көлігін Алматы қаласы Саин көшесімен оңтүстік бағытта басқарып келе жатқан. Соңынан, сағат 00.10 шамасында  Алматы қаласы Асқаров көшелері қиылысында маркасы «SUBARU FORESTER» көлігін басқарып келе жатқан жүргізуші А-мен жол көлік оқиғасын жасаған.

Сотталушы М.  өзіне тағылған айыпты толық мойындап, болған оқиғаға өкініш білдірген..

Сот үкімімен М. Қазақстан Республикасының  ҚК-нің 346 бабы 1 бөлігіндегі қылмысты жасауда кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыра отырып, 300 сағат  көлемінде қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген.

Источник: 
Алматы қаласының Бостандық ауданының №2 аудандық соты