Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған үшін жазаланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында бейне-конференц-байланыс арқылы аса ірі мөлшерде алаяқтық  және мүліктік зиян келтіргені үшін С.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды (Қазақстан Республикасының  ҚК-нің  190-бабы 4-бөлігі 2 тармағы, 195- бабы 4-бөлігі 4-тармағы).

Сот үкімімен сотталушы С.-ға  6 жыл  мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді. Жәбірленушілердің талап-арыздары қанағаттандырылған.

Сотпен анықталғаны, 2012-2016 жылдар аралығында С. танысы Т.-ны Нұр-Сұлтан қаласынан 100 шаршы метр құрайтын жертөлені арзан бағамен  алып беремін деп  сендіріп, одан жалпы соммасы 38 635 870 теңгесін алған.

Жасаған іс-әрекетіне тоқтамай, 2017-2018 жылдар аралығында  сотталушы өзін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері ретінде таныстырып, банкротқа ұшыраған компаниясының бастығын танитынын айтып, ол компаниядан арзан бағаменен, аукцион арқылы автокөліктер шығарып бере алам деп, жалған ақпарат таратқан. Нәтижесінде, сотталушы алаяқтық жолымен жәбірленушілер К.-дан  - 2 944 000 теңге, Б.-дан - 5 866 000, Ж. 995 000 теңге, Р.-дан - 1 709 000 теңге, А.-дан -  3 000 000 теңге алған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Қайнар: 
Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық соты