Жұмысқа қайта орналастыру, амалсыз бос жүрген уақыты үшін еңбекақыны өндіру туралы талап арыз қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы №2 Алмалы аудандық сотында талапкер М. жауапкер «А» ЖШС-не жұмысқа қайта орналастыру, амалсыз бос жүрген уақыты үшін еңбекақыны өндіру туралы талап арыз қанағаттандырылды.

Талапкер өзінің талаптарын келесімен дәлелдеген. 2013 жылдан бастап  «А» ЖШС-те есепшы болып жұмыс атқарғаны, бірақ 2016 жылдын тамызында еңбек шарттын мерзімінің аяқталуына байланысты жұмыстан босатылған.   

Сот шешімімен талап арыз қанағаттындырылып, талапкер жұмысқа қайта орналастырылды, амалсыз бос жүрген уақыты үшін жауапкерден талапкер пайдасына 1 171 008 теңге өндірілді.

Шешімі заң күшіне енді.  

 

Қайнар: 
Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық соты