Жұмыс берушіден еңбекақы өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы №2 Алмалы аудандық сотында талапкер  «А.»-нің жаупкер ЖШС «П»-ға келтірілген еңбекақыны өндіру туралы талап арызы бойынша қозғалған азаматтық іс қаралды.

Сот барысында, талапкердің арызы бойынша 2016 жылдың желтоқсан айының соңғы күндері еңбек шартар жұмыс берушімен бұзылғаны, алайда талапкерге қараша, желтоқсан айларының еңбек ақысы төленбегені анықталды.

Жауапкер «П» ЖШС-тің өкілі сот отырысында талап арыздың талаптарын мойындап, жұмысшыларға тиісті төлемдер уақытша қаржылық қиындықтардың туындауы себебінен берілмегендігін баяндады.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттындырылып, жауапкерденталапкердің пайдасына 135 000 теңге сомасында еңбек ақысыөндірілді.

Соттың шешімі заңды күшіне енді.  

Источник: 
Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі