Жолда жүру қағидаларын бұзды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Әуезов аудандық сотында, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 1-бөлігімен  (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) қылмыс жасаған айыпталушы Ж. қатысты үкім жарияланды.

2017 жылы 11 ақпанда Ж. "Mazda 626" маркалы автокөлікті басқара отырып, Абай даңғылы бойынша шығыс бағытқа қарай келе жатып, сағат 08.30 шамасында №117/2 үй жақта, қауіпті жағдайда, Қазақстан Республикасынын жол қозғалысы ережелерін 10.1, 14.1п. п.талаптарын бұза отырып, назарын аудармай, қауіпсіздік ережелерін сақтамай, қозғалысқа қауіп туындаған кезде жаяу жүргіншіге жол бермей, тоқтауға және жылдамдықты төмендетуге қажетті шараларды қолданбай және қозғалысты жалғастыра отырып,жолды өтіп бара жатқан М.-ны абайсызда қағып кеткен, соның салдарынан абайсызда оның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiрілген.

Сотталушы Ж. іс-әрекетте кінәсін толығымен мойындады.

Сот үкімімен сотталушы Ж. ҚР ҚК-нің 345-бабының 1-бөлігімен айыпты деп танып, оған осы баппен 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, 2  жылға дейінгі мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласының Әуезов аудандық соты