Жолда жүру ережесін бұзғаны үшін 240 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартуға үкім шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 346 бабы 1бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) айыпталған И-ға қатысты қылмыстық іс  қаралды.

Сотпен анықталды, азамат И., желтоқсанда 2017 жылы алкогольді мастықтың жеңіл деңгейінде болып, ҚР Жолда жүру қағидаларымен масаң күйде көлік құралдарын басқаруға тыйым салынғанын біле тұра, Жолда жүру қағидаларының  талаптарын әдейі ескермей, бұрын көлік басқару құқығынан 3 жыл мерзімге айырылғанын біле тұра, сағат 01.30 шамасында Абай даңғылымен шығыс бағытта «Ниссан» маркалы көлікті басқарып келе жатып  ЖЖҚ бұзып, «Тойота Королла» маркалы көлікті басқарып келе жатқан У-мен соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болған жерден ғайып болып және өз қозғалысын жалғастырып Абай даңғылымен Жароков көшесі қиылысында «Тойота камри» маркалы көлікті басқарып келе жатқан Х-мен қайтадан жол-көлік оқиғасын жасап, ауруханаға жөнелтілген.

Сотталушы И., өзіне тағылған айыпты толық мойындаған.

Сот үкімімен И., Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 346 бабы 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзіиге көлік басқару құқығынан айыра отырып, 240 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі