Жол–көлік оқиғасымен келтірілген материалдық және моральдық зиянды өндіру туралы талап арызы қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Алмалы ауданының  №2 аудандық сотыменТалапкер П.А. жол–көлік оқиғасымен келтірілген материалдық және моральдық зиянды өндіру туралы талап арызы бойынша  азаматтық іс қаралды.

Талапкер  П.А-ң сотқа «ІІД « ММ, ІІД УАП, Алматы қаласының ІІД УАП  кезекші бөлімінің инспекторы  Б.О.-ға, Бостандық ауданының ІІБ ОАП АП  инспекторы А.З., Д.Э.,  А.М. талап арызбен жүгінген, өзінің талаптарын келесімен дәлелдеді, яғни, 2015 жылдың 20 ақпанында Жароков көшесі бойынша Тимирязев көшесінен жоғары ЖКО болған.  Бұған дейін көлік құралдарына жүргізуші куәлігінен айырылған Д.Э.   «RangeRover» маркалы автокөлігін жүргізе трамвай жолдары бойынша жоғары жылдамдықта қарсы қозғалыс жолағы бойынша жүрген және талапкер рульде отырған «NissanInfiniti» маркалы автокөлігімен қақтығысқан, нәтижесінде талапкердің көлігіне механикалық ақау келтірілген.

Алматы МАӘС-ң қаулысымен О.М. қатысты әкімшілік материалдар бойынша оның әрекетінде ҚР ӘҚБжК 610-бабының 1-бөлігінде көзделген  заң бұзу құрамының болмауы салдарынан тоқтатылған, сонымен бірге  өз әрекеттерімен кінәлі Д.Э. әкімшілік жауаптылықтан босатып жіберген жоғарыла аталған полиция қызметкерлеріне қатысты жеке қаулы шығарылған. Оған 1 146 786  теңге сомасына  шығын келтірілген.  ЖКО нәтижесінде ол және оның отбасысының мүшелері  дене және адамгершілік тұрғысынан зиян шекті, моральдық шығын келтірілді. Соттан «ІІД « ММ, ІІД УАП, Б.О., А.З., Д.Э.,  А.М.  келтірілген материалдық шығынды және моральдық шығынды бірдей өндіріп беруді сұрайды.

МАЭС қаулысымен Жароков көшесі бойынша  Д.Э. жүргізген және Ш.П. жүргізген автокөліктердің қатысуымен ЖКО болғаны анықталды.

АПК 72-бабына сәйкес  талапкер  оған қойылған диагноз және жоғарыдағы ЖКО арасындағы себепті салдарлық байланыстың тікелей дәлелдемесін ұсынбаған.

Соттың шешімімен П.А.-ң талап арызы– ішінара қанағаттандырылған.  Апелляциялық сот алқасының қаулысымен соттың шешімі өзгертусіз қалдырылған.

Соттың  шешімі заңды күшіне енді.

 

Источник: 
Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі