Жәбірленуші сотталушымен татуласты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында ұрлық жасағаны  үшін К. мен М.- ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Соттың анықтауы бойынша, 02.04.2017 жылы сағат 21.10 де К. мен М. Алматы қаласының  Фурманов пен  Мақатаев көшелерінің қиылысына келеді. Ұрлық жасауға бағытталған өзінің қылмыстық ниетін жүзеге асыру кезінде К. мен М. олардың әрекеттеріне ешкімнің бақылап жатпағанына көзі жетіп «ToyotaCarina» маркілі автокөлігі орналасқан жерге келіп, алдыңғы әйнекті сындырып, көліктен 17 000 теңге тұратын «ШО-МИ» маркілі антирадарды шығарып алып, оқиға болған жерден бой тасалаған.

Сот отырысы барысында К. и М. өз кінәларын толық мойындады.

Сот қаулысымен айыпталушылар жәбірленушімен өзара татуласуына байланысты, ҚР ҚК 68 б. 1 б. сәйкес К. мен М. қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188 бабының 2 бөлігінің 1, 3 тармақтарына сәйкес қылмыстық іс өндіріспен қысқартылды. 

Қаулы заңды күшіне енді. 

Источник: 
Алматы қаласының Медеу ауданының №2 аудандық cоты