Жәбірленуші мен сотталушының арасында медиативтік келісім жасалынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 181 бабының 1 бөлігімен (ұрлық) сотқа берілген «К» азаматқа қатысты  қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы К 2016 жылы 26 маусымда сағат 21.00 шамасында Алматы қаласы Васницов көшесі №35 үй мекен-жайында бола тұра, жәбірленуші М-ге тиесілі қүны 50 000 теңге тұратын  «Айфон 5С», құны 3 000 теңге тұратын «Самсунг» маркалы ұялы телефондарын, бағасы 5 000 теңге тұратын әмиянын, ішіндегі 4 000 теңге ақшасымен, 40 000 теңге тұратын сөмкесін жасырын жымқырып, жәбірленушіге жалпы соммасы 102 000 теңге сомасында материалдық шығын келтірді.

Сотта сотталушы К, тағылған айыпты толық мойындап, жасаған іс әрекеттеріне шын жүректен өкініп, жәбірленушіге келтірген залалдың орнын толық қайтарды. Жәбірленуші мен сотталушының арасында медиативтік келісім жасалынды, осыған сәйкес тараптар татуласып, соттан қылмыстық істі медиация тәртібінде қысқартуды сұрады.

Сот қаулысы бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 68-бабының 1 бөлігінің талаптарына сай, сотталушы жәбірленушімен Медиация Заңы бойынша татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, қылмыстық іс- қысқартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласының Алмалы аудандық соты