Жауапкермен шарттық міндеттемелер бұзылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер «Altyn Bank» АҚ-нің жауапкер Ш-ға қарызды өндіру туралы талап арызы қаралды.

Азаматтық істің құжаттарынан, 2013 жылы 19 ақпанда «Altyn Bank» АҚ және Ш. арасында несие шарты жасалынған, оның шарттары бойынша жауапкерге 35 ай мерзімге, 20,99% жылдық сыйақымен 1 846 000 теңге көлемінде несиелік лимитімен қарызды қайтарымдылық, мерзімділік, мақсатты пайдалану шарттарымен несиелік карта  берілді.

Жауапкер қарызды және сыйақыны қайтару бойынша өзіне алған міндеттемелерін тиісті түрде орындамады, осыған байланысты 11.01.2017 жылға оның қарызы 2 070 384 теңге 92 тиынды құрады.

ҚР АК 349 бабының 1 бөлігіне сәйкес, мiндеттеменi орындамау, не тиiстi дәрежеде орындамау оның бұзылуы деп түсiнiледi.

Жауапкермен, негізгі қарызды және сыйақыны төлеу кезінде келісім шартта көрсетілген міндеттемелер бұзылған және тек жартылай орындалған.

Соттың шешімімен талап арызы қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласының Медеу аудандық соты