Жауапкердің ақшалай міндеттемелерін белгілейтін құжаттарға негізделген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның жауапкер К-дан  жұмыссыз қалған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемін шамадан тыс алынған сомасын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Іс құжаттарынан, 17 қазан 2013 жылы жауапкерге әлеуметтік жәрдемақы тағайындалған. 26 қараша 2013 жылы жұмыссыздар тіркелу есебінен алынып тастауына қарамастан, жауапкер қордың қаражатынан әлеуметтік қамтамасыз ету төлемін алып отырған. Осылайша, жауапкердің 01 желтоқсан 2013 жыл мен 01 ақпан 2014 жылдар аралығында 77 793 теңге көлемінде әлеуметтік төлемін заң бұзу арқылы алған.

Қазақстан Республикасының  АІЖК-нің 145 бабынның 1 бөлігінің 2 тармақшасына орай, талап қою бағасына қарамастан, талап қоюшы ұсынған, жауапкердің ақшалай міндеттемелерін белгілейтін құжаттарға және (немесе) шарт бойынша берешекті растайтын құжаттарға негізделген талап қою арыздары бойынша қарайды.

Сот  шешімімен талап арыз қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласының Медеу аудандық соты