Жауапкер шарт бойынша міндеттемелерді орындамады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотымен талапкер «Kaspi bank» АҚ-ның жауапкер «Б» - ға қатысты банктік келісім шарт бойынша қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сотпен анықталғанай, «Kaspi bank» АҚ мен жауапкер «Б» несие келісім шартына отырып, келісім бойынша талапкер жауапкерге 3 277 564 теңге қарыз соммасын тұтынушылық мақсаттарға мерзімділік, ақылық пен қайтарымдылық  шарттарында несиені берді.

Жауапкермен міндеттемелер орындалу мақсатында, тараптардың арасында жауапкердің жеке меншік иелігіндегі маркасы «HYUNDAI» автокөлігіне қатысты кепіл шарты жасалынды.

Дегенмен, жауапкер міндеттемелерді орындамай отырып, берілген қарызы мен қарыз сомасын пайдалану сыйақылар бойынша төлемдерді уақытында өтеген жоқ, нәтижесінде 29.04.2017 жыл ішінде  3 329 039 теңге көлемінде қарыз құрылды.

Борышкердің мекен-жайына бағытталған қарызды өтеу туралы  және несие сомасын мерзімінен бұрын өтеу туралы ескертулер еленбеді.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласы Бостандық аудандық соты