Жауапкер міндеттемені толық көлемінде орындамады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы  қаласының  мамандандырылған  ауданаралық  экономикалық  сотында  талапкер   «Алматы  қаласының  «Шаңырақ»  шағын  ауданындағы  олимпиада  резервінің республикалық  мамандандырылған  мектеп-интернат  колледжі» республикалық  мемлекеттік  мекемесі  жауапкер  «ТН Мунай  Сервис» ЖШС-ін  жосықсыз  қатысушы  деп  тану  туралы    азаматтық іс  қаралды.

Талап арызда  жауапкердің жұмысты  мемлекеттік  сатып  алу  туралы  шарты  бойынша толық  көлемде  орындамағаны  көрсетілді.

Сотпен  анықталғандай, талапкер  мен  жауапкер  арасындағы  қарым қатынас  тауарды 80 878 845  теңге сомада 2017 жылғы 06  наурыз  айында  №54 мемлекеттік сатып алу  шарты  негізінде  пайда  болған.

Жаупкердің міндеттері  ішінара  орындалды.

2017 жылы 04  сәуір   айында    93 140 литр көлемінде тапсырыс  берушінің   жеткізушіге  №827 ші нөмерлі  шығыс  хаты  бойынша келесідей кестеге  сәйкес  өтінім  жіберілген: 2017  жылы  05  сәуір  айында-20000  литр; 2017 жылы  07  сәуір  айында-20000  литр;  2017 жылы  11  сәуір  айында-20000  литр; 2017 жылы  14  сәуір  айында-20000  литр  және  2017 жылы 20  сәуір  айында  13 140  литр;

Алайда,  жеткізуші  2017 жылы  04  сәуір айында  №003   шығыс  санымен    хат  жолдады. Хатта мемлекеттік  сатып алу  туралы  келісім  шарт  бойынша   өзінің  міндеттемесін  тиісінше  орындай  алмай  отырғандығы  туралы  2017  жылы  15  сәуір  айындағы   №02  қосымша  келісім  шарт  бойынша  тараптар  жоғарыда  көрсетілген  келісім  шартты  бұзған. Көрсетілген  мән-жайлар  бойынша  сот  талапкердің  талабын қанағаттандырып  «ТН Мунай  Сервис» ЖШС-ін  жосықсыз  қатысушы  деп  таныды.

Сот  шешімі  заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты