Жалақыны өндіру туралы талап арыз

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер У жауапкер «КПЛ» ЖШС-нен жалақы бойынша қарызды өндіру туралы түскен талап арыз қаралды.

Азаматтық істің құжаттарынан анықталғандай, талапкер 07.07.2015 жылдан бастан «КПЛ» ЖШС-де ай сайынғы лауазымдық айлық-ақысы 500 000 теңге көлемдегі, техникалық директор қызметінде жұмыс істеді.

01.10.2015 жылы талапкер және жауапкер арасындағы жеке еңбек шарты тараптардың келісімі бойынша бұзылды.

Дегенмен, талапкерге 01 тамыз 2015 жыл және 01 қазан 2015 жыл аралығындағы кезеңінде оған жалақы төленбеген салдарынан 1 000 000 теңге қарыз жиналды.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енбеді.

Источник: 
Алматы қаласының Медеу аудандық соты