Займ келісім шарты жарамсыз деп танылған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық сотымен талапкер А.-ның жауапкер В.-дан келісім шарт бойынша 2 000 000 теңге қарызды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер жоғарыда аталған талап арызбен сотқа жүгініп, өз талап арызын келесідей мән жайларға негіздейтінін көрсеткен. 17 наурыз 2013 жылы қарыз ақша алу туралы келісім шартқа сәйкес, жауапкер белгіленген кестеге сәйкес қарызын уақытылы төлеу қажет болатын, алайда жауапкер В. Қарызын жаппаған, сонымен қатар талапкердің есебі бойынша жауапкердің қазіргі қарызы 2 000 000 теңгені құрап отыр, соттан талап арызды қанағаттандыруды сұрады.

Жауапкер талап арызды мойындамай, аталған 2010 жылғы 17 наурыздағы келісім шарт, Алматы қаласы, Бостандық ауданының аудандық сотымен жарамсыз деп танылған және бұл шешімге ешкім шағымданбаған.

Сот ш шешмімен талапкердің талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық соты