Заңсыз әрекеттері үшін жазаланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ӘҚБтК 73-2-бабының 1-1-бөлігі (ұрып-соғу) және 147-1-бабының 1-бөлігі (бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша құқық бұзушы К.жасаған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

Істің мәні мынадай 2024 жылғы 4 сәуірде сағат 00.00 шамасында Алматы қ. көшелерінің бірінде болған кезде К бұрынғы жұбайы А-мен жанжал шығарып, оған соққы беріп, телефонын қасақана сындырып, нәтижесінде 700 000 теңге сомасына материалдық залал келтірді.

Сот отырысында К. іс материалдарында баяндалған фактілерді растады.

Іс материалдарын зерттей келе, сот К-нің іс - әрекеттерінде ҚР ӘҚБтК-нің 73-2-бабы 1-1-бөлігі бойынша-зорлық-зомбылық жасау, денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге әкеп соқпаған ұрып-соғу және ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабының 1-бөлігі (бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық құрамы бар деген қорытындыға келді.

Сот қаулысымен К.құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және 10 және 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жазаға тартылды.

Әкімшілік қамауға алу мерзімі бір мезгілде есептеледі.

Сот қаулылары заңды күшіне енген жоқ.