Заңды тұлға мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер «Қазақ Ұлттық аграрлық университеті» КАҚ-ның жауапкер «Ф-И» ЖШС-гін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану және тұрақсыздық сомасын, мемлекеттік баж салығын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот талқылауы кезінде сотпен анықталғаны, №750546 және №764769 10.10.2016 жылғы шешім бойынша «Ф-И» ЖШС-гі жеңімпаз болып танылған.

Талапкер мен жауапкер арасында кабель және төбелік тақталар тауарын жеткізу келісімі жасалған, жалпы сомасы 1 025995 теңге және 2 685 379 теңгеге. Келісімнің шарттарына сәйкес, келісім жасалған күннен 15 күнтізбелік күн ішінде тауар жеткізілуі қажет, яғни  жауапкер тауарды 09.11.2016 жыл және 15.11.2016 жылға дейін жеткізуі қажет болған. Бірақ, осы уақытқа дейін жауапкермен тауар жеткізілген жоқ.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі