Заң талаптарын орындамау тіркеуді тоқтатады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен  «Алмалы  ауданы  бойынша  мемлекеттік  кірістер  департаменті» РММ-нің  жауапкер   «Э»  жеке кәсіпкер М.-нің  қызметін  мәжбүрлі  түрде  тоқтату туралы азаматтық іс қаралды.

«Алмалы  ауданы  бойынша  мемлекеттік  кірістер  департаменті» РММ-і  жауапкер  «Э»  жеке кәсіпкер М.-нің  заңсыз  тіркелуін  көрсете  отырып  талап  арызбен  сотқа  жүгінді.

Сотта  анықталғандай,  заң  талаптарына  сәйкес  жауапкер  М.  «Э»  жеке кәсіпкер ретінде  тіркелуі  заңсыз, өйткені  жауапкер  Өзбекстан  Республикасының  азаматы  және  ол  Қазақстан  Республикасының  аумағында  жеке  кәсіпкерлікті  жүргізуге  құқы  болмаған.

Сот шешімімен  «Алмалы  ауданы  бойынша  мемлекеттік  кірістер  департаменті» РММ-нің  жауапкер   «Э»  жеке кәсіпкер М.-нің  қызметін  мәжбүрлі  түрде  тоқтату туралы  талап  арызды   қанағаттандырылшды.

Шешім  заңды  күшіне  енді.

Источник: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты