Залал өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық сотымен талапкер Ж. жауапкер Э. қатысты жол көлік оқиғасынан келтірілген залалды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.    

Талапкер жауапкерге қатысты жол көлік оқиғасынан келтірілген залалды өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінді. Талап қоюшы өз талап арызын келесідей мән жағдайларға негіздейтінін сотқа айтып жеткізді.  2017 жылы қаңтар айында жауапкер «Хонда» жеңіл авто көлігімен оның көлігін соққанын. Алматы қаласы бойынша әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған соттың қаулысымен жауапкер болған жол көлік оқиғасына кінәлі деп танылып, оның жол көлік жүргізу куәлігі 2 жылға айрылды.  Жеке кәсіпкер «А» жөндеу жұмысының қорытындысы бойынша келтірілген залал 150.000 теңгені құраған, сол шығынды жауапкерден өндіруді талап етті.

Жауапкер сот процесінде кінәсін толық мойындады.

Сот талапкердің талап арызын толықтай қанағаттандырды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық соты