«Әйелдер құқығын қорғау»- тақырыбына семинарлық дәріс өтті.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында «Әйелдер құқығын қорғау»- тақырыбында семинарлық дәріс өтті.

           Семинарлық дәріске аудандық соттың кеңсе меңгерушісі А.Байбатырова, сот қызметкерлері және «Ел-Бірлігі» ҚБ-нің басшысы Ш.Ризабекова қатысты.

«Ел-Бірлігі» ҚБ-нің басшысы Ш.Ризабекова өз баяндамасында  гендерлік теңдік – қоғамды демократияландырудың индикаторы және оның өркениеттік деңгейі болып табылатынын атап өтті. «Қазіргі қоғамда «теңдік мәдениетінің» дамуы әйелдер мен ерлерге бірдей азаматтық құқықты қамтамасыз ету мәселесін бірінші жоспарға қоятын жетекші халықаралық ұйымдардың саясатымен қамтамасыз етіледі» –  деп айтты Ш.Ризабекова.

          Іс-шара соңында аудандық соттың кеңсе меңгерушісі А.Байбатырова сот ұжымы атына Ш.Ризабековаға гендерлік теңдік жайлы ақпараттармен бөліскені үшін алғыс білдірді.

Қайнар: 
Алматы қаласы Бостандық ауданының № 2 аудандық соты.