WhatsApp хабарламасы – дәлел ретінде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық сотымен талапкер «М» жауапкер «Ж» борыш сомасын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

«М» жауапкермен жұмыс орнында танысты, себебі компаниясы «Ж» істейтін бизнес-орталықта офисін жалған.

«Ж» әртүрлі сомаға ақшаны қарастыру туралы бірнеше рет өтініш білдірді, әрдайым қиын жағдайға тап болғанын және одан басқа ешкім ақша бермейтінін айтқан.

Бұған дейін жауапкер 500 АҚШ доллары, одан кейін 700 АҚШ доллары көлемінде ақша алған.  Ал 2016 жылдың басында талапкер WhatsApp мессенджеріне келесідей көмек сұраған хабарламасын алды: «Маған сізден көмек керек.  Жұмаға дейін маған 4000 доллар қажет, бірақ мен бұл сұрақпен кіммен хабарласатынымды білмеймін.  Мен бұл ақшаны жұма күні қайтарамын, маған соңғы рет көмектесіңіз.  Мен қорқынышты жағдайға тап болдым, жұма күні бәрін егжей-тегжейлі айтып беремін».

Келесі күні кеңседе талапкер 4,000 АҚШ долларын жауапкерге қарыз ретінде тапсырды, 22.01.2016 жылы қайтару мерзімі қойылды.

Содан кейін, жауапкер әр кездесуде борышты қайтарамын деп айтатын, бірақ әзіргі күнге дейін қайтармады.

Дәлелдемелерді ұсыну үшін жауапкермен WhatsApp мессенджері арқылы хат алмасу нотариуста куәландырылған, хат-хабарын тексеру туралы хаттама жасалды.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, сотқа жауапкерден 1 948 076 теңге көлемінде берешектің сомасын, 741 204 теңге өсім ақымын, жалпы сомасы 2 689 280 теңгені және мемлекеттік бажды төлеуге жұмсалған 26 893 теңгені өндіруді сұрады.

Бұл жағдайда, Азаматтық кодекстің 152-бабының 1-1-тармағына сәйкес талапкердің ұялы телефонында сақталатын талапкер мен жауапкер арасындағы электрондық хабарламаларды алмасу жазбаша түрде жасалған мәмілеге тең.

Соттың шешімімен талап арыз жартылай қанағаттандырылды:  жауапкерден талапкердің пайдасына 1 503 015 теңге көлемінде берешектің сомасы, 15 030 теңге көлемінде мемлекеттік баж салығы өндірілді.

Шешім күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық соты