Велосипедтерді ұрлағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 188 бабының 1 бөлігімен,188 бабының 2 бөлігінің 2 тармағымен (ұрлық) сотқа берілген «М» азаматқа қатысты  қылмыстық іс қаралды.

М. сотталушы 15 мамыр 2016 жылы шамамен 14.00 уақытта Алматы қаласы Тургут Озал көшесінде орналасқан №47 үйдің 1 қабаттың алаңшасында болып, баспалдақ таянашыға түймеленген А. жәбірленушінің 86 000 теңгеге бағалы «ВМХ» маркалы велосипедті жасырын жамқырды. М. сотталушы А. жәбірленушіге материалдық 86000 теңгеге тең сомасына зиян келтірді. Сотталушы 243 000 теңгеге тең жалпы сомасына сәйкес барлығы 5 дана  велосипедтерді ұрлады.

Сот отырысында М. сотталушы қылмысын мойындап, ақша және жұмыс жоқ болғандықтан ұрлық жасалғанын себебін көрсетті.

Шығарған сот үкім бойынша М. сотталушы айыпты деп табылды. Оған мүлкі тәркіленіп 4 жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласының Алмалы аудандық соты