Ұялы телефондарды ұрлағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық соты ұрлық  жасағаны үшін  И.А.- ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Соттың анықтауы бойынша, И.А. 2016 жылдың қазан айы мен желтоқсан айы аралығында, өзінің әрекеттерін ешкімнің бақылап жатпағанын көріп, жасырын түрде «Iphone» маркілі ұялы телефондарын ұрлаған. Сөйтіп, И.А.-ның жасаған қылмыстық іс-әрекеттерінен екі жәбірленуші зардап шегіп, оларға барлығы 480 000 теңге сомасында материалдық залал келтірілген. 

Сот отырысы барысында И.А. өз кінәсін мойындады.  

Сот үкімімен И.А. ҚР ҚК нің 188 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен мүлкі тәркілеусіз 1 жылға бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза тағайындалған. ҚР ҚК нің 62 бабының 3 бөлігінің негізінде И.А.-ға түпкілікті мүлікті тәркілеусіз 10 ай 5 күнге бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза тағайындалған.

Үкім заңды күшіне енді. 

Источник: 
Алматы қаласының Медеу ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі