Ұсыныстар қабылданды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотымен «Маскүнемдіктен, нашақорлықтан және токсикоманиядан мәжбүрлеп емдеу туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталмыш дөңгелек үстелге  соттың судьялары,  Алматы қ., Алмалы аудандық прокуратурасының, Алматы қ. ІІД-нің  Алмалы ауданының ІІБ-ның,  Алматы қ. ІІД-нің Алмалы аудандық Жергілікті Полиция Қызметінің, Алматы қ. Денсаулық сақтау басқармасының «Қалалық наркологиялық орталығының» өкілдері қатысты.

Аталмыш дөңгелек үстелде  мәжбүрлеп емдеу туралы істердің даулардың шешілуіне қатысты сот тәжірибесі, аталмыш арыздарды сотқа беру тәртібі мен негіздері, мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің ауруды мәжбүрлеп емделуі туралы жұмыстарын ішкі істер мекемелерімен жүргізуі, АПКнің 39-тарауына сәйкес қаралған істерге талқылау жасау және басқа да сұрақтар талқыланды.

Дөңгелек үстелде қаралған сұрақтардың қорытындысы бойынша қатысушылар тақырыпқа қатысты арыздарды сотқа жолдау барысында мемлекеттік мекемелер бірігіп жұмыс атқарып жолдау туралы ұсыныстар қабылданды.

Источник: 
Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық соты