Ұшақта ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында ҚРӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша Е.К.Нұрсейітовке қатысты әкімшілік іс қаралды.

12.09.2016ж. сағат 00.40 шамасында  Е.Ж.Нұрсейітов Анталья-Алматы» бағытында №6755 ұшақ бортында Жоламановаға қатты сөздер айтып балағаттаған, сонымен қатар ұсақ бұзақылық жасаған.

Сот отырысында Е.К.Нұрсейітов өз кінәсін мойындады.

Сот қаулысымен Е.К.Нұрсейітов 5 тәулікке әкімшілік қамауға тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы мамандандырылған ауданарлық әкімшілік сотының баспасөз қызметі