Ұрлық жасағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында Б. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188 бабы 3 бөлігімен айыптау бойынша (ұрлық, бөтеннің мүлкін, үй-жайға заңсыз кіру арқылы ірі мөлшерде жасырын түрде жымқыру).

Сотпен анықталғаны, 2016 жылдың қараша айында сотталушы Б. Алматы қаласында орналасқан үйге заңсыз кіру арқылы жәбірленуші И. тиесілі жеке мүлкі мен 1 029 000 тенге ақшаны жасырын түрде жымқырған. Сонымен, сотталушы Б. өзінің қылмыстық іс-әрекетімен жәбірленуші И. 1 380 000 тенге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Басты сот талқылауында сотталушы Б. тағылған айып бойынша кінәсін жартылай мойындады.

Сот үкімімен Б. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188 бабы 3 бөлігінде көзделген қылмысты жасауда  кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша, Қазақстан Республикасының ҚК-нің 60 бабының негізінде, түпкілікті мүлкін тәркілеу арқылы, 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны түзеу мекемесінің жалпы режимінде өтеу белгіленген.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі