Үкім заңды күшіне енген жоқ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188 бабының 1 бөлігімен (ұрлық)  айыпталған Ч.-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Сотпен анықталғандай, 17 желтоқсан 2017 жылы сағат 14:30 шамасында Алматы қаласы Шумный көшесінде орналасқан «К» шіркеуінде болып, аталған шіркеуден азаматша Л.-ге тиесілі құны 500 000 теңге тұратын қара түсті құндыз тонын жасырын жымқырып, оқиға орнынан ғайып болған.

Сот мәжілісінде сотталушы Ч. өзіне тағылған айыпты толық мойындады.

Сот үкімімен Ч. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабының 1 бөлігінде көзделген қылмысты жасауда кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу және  жылына 100 сағат уақытқа жұмысқа тарту жазасы тағайындалған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық соты.