Үкім заңды күшіне енген жоқ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 346бабы 1 бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) айыпталған М-ға қатысты ісі қаралды.

Сотпен анықталды, азаматша М., 2017 жылы наурыз айының соңында есірткілік мастықтың жеңіл деңгейінде болып, ҚР Жолда жүру қағидаларымен масаң күйде көлік құралдарын басқаруға тиым салынғанын біле тұра, Жолда жүру қағидаларының 2,4,1 бөлімдерінің талаптарын әдейі ескермей, бұрын көлік басқару құқығынан 3 жыл мерзімге айырылғанын біле тұра, көлік жүргізу кәуәлігінсіз сағат 00.30 шамасында «ToyotaCorolla» маркалы автокөлігін Сәтпаев көшесімен шығыс бағытта басқарып келе жатқан жерінен, Фурманов көшесіне жетпей ІІД-нің ЖПП ӘПБ қызметкерлерімен тоқтатылған. 

Сотталушы М., басты сот талқылауында өзіне тағылған айыпты толық мойындаған.

Сот үкімімен М., Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 346 бабы 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыра отырып, 240 сағатқа қоғамдық жұмыстыарға тарту жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласының Бостандық ауданының №2 аудандық соты