Үкім заңды күшіне енген жоқ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 346бабы 1 бөлігімен айыпталған Т-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталды, азаматша Т., 19 ақпанда 2017 алкогольді мастықтың жеңіл деңгейінде болып, Қазақстан Республикасының Жолда жүру қағидаларында мас күйде көлік жүргізуге тиым салынғанын біле тұра Жолда жүру қағидаларының 2,4,2 бөліктерінің талаптарын бұзып, бұған дейін көлік басқару куәлігінен 3 жыл мерзімге  айырылған жүргізуші Т., түнгі 03.50 сағат шамасында  Сейфуллин көшесімен солтүстік бағытта Абай көшесімен оңтүстік бағыт қиылысында «ВMW X5» маркалы көлігін басқарып келе жатқан жерінен Алматы қаласы ІІД-нің ӘПБ қызметкерлерімен тоқтатылған.

Сотталушы Т., өзіне тағылған айыпты толық мойындаған.

Сот үкімімен Т., Қазақстан Республикасы  Қылмысытық Кодексінің 346 бабы 1 бөлігімен кінәлі деп танылып 3 жыл мерзімге көлік басқару куәлігінен айыра отырып,  60 айлық есептік көрсеткіш 136 140 теңге көлемінде айыппұл жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотының баспасөз-ақпарат қызметі