Әуезов ауданының №2 аудандық сотында «Оңайтылған іс жүргізудің тиімділігі » тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық сотында «Оңайтылған іс жүргізудің тиімділігі » тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелгеаудандық соттың судьялары және мамандары қатысты.

Шара барысында судья Г.Имансерикова өз сөзінде, «сот арқылы қорғаудың конституциялық кепілі бұл азаматтық процеске қатысушылардың бұзылған немесе даулы субьективтік құқықтарын тиімді және нақты қалпына келтіру болып табылатынын» атап өтті. Сонымен қатар, ол  2014 жылдың 17 қараша айында азаматтық іс-жүргізуді оңтайландыру және жеделдету, сот төрелігінде қол жеткізуді арттыру мақсатында оңайлатылған өндіріс енгізілгенін атап өтті.

Г. Имансерикова, оңайлатылған іс-жүргізу іс қарау уақытының қысқартылуы салдарынан (арызды қабылдаған күннен бастап қысқартылған бір айлық уақыт ) азаматтық істерді қарау, дауларды шешу тиімділігін, сот актілерінің арындалуын арттырып,азаматтық істерді қарайтын соттың жүктемесін азайтып, азаматтық істерге қатысты материалдық шығындардың қысқартатынына, тоқталды.

Шараға қатысушылар Азаматтық процестік кодексінің жаңашылдықтарын, сонымен қатар оңайлатылған іс-жүргізу институтын жоғары бағалап,сапалы заң үстемдігін одан әрі дамытуға ұсынысын білдірді. 

Источник: 
Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық соты