Тұрмыстық газға уақтылы төлем жасамау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер «КазТрансГаз-Алматы»  АҚ жауапкер Н.И.-тан қарыз сомманы өндіру туралы талап арыз қаралды.

Азаматтық істің құжаттарынан, жеткізуші «КазТрансГаз-Алматы» АҚ тұрмыс газын қолданушыларға бөлшектеп тауарлай сату шатры бойынша, газды тұрмыстық тұтынушыға жалғанған жүйе арқылы меншіктік тұрмыстық қалдану үшін жеткізуге міндеттенеді, Тұрмыстық тұтынушы шарт бойынша газға төлеуге міндеттенеді.

Тұрмыстық газға уақтылы төлем жасамауына байланысты, жауапкерде қарыз жиналған. Негізгі қарыз – 111 020 теңге, сондай-ақ 3 330, 60 теңге көлемінде мемлекеттік баж.

ҚР Азаматтық іс-жүргізу кодексінің 146 бабының 5, бөлігіне сәйкес, дәлелдемелерді және өзге де құжаттарды ұсыну үшін сот белгілеген мерзімдер өткеннен кейін сот тараптарды шақырмай істі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарайды.

ҚР АК 387 бабына орай, коммерциялық ұйыммен жасалған және өз қызметiнiң сипатына қарай оған өтiнiшпен келетiн әркiмге қатысты жүзеге асырылатын тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету жөнiндегi оның мiндеттемелерiн белгiлейтiн шарт жария шарт деп танылады (бөлшек сауда, көпшiлiк пайдаланатын көлiкпен тасымалдау, байланыс қызметiн көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина, мейманхана қызметiн көрсету және т.б.). 

Сот талап арызды толық мөлшерде қанағаттандыруды  шешті.  

Шешім заңды күшіне енді.

                                                   

Источник: 
Алматы қаласы Медеу аудандық сотының баспасөз қызметі