Тұрғын үйге заңсыз кірумен ұрлық жасаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотында О.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188 бабының  2 - ші бөлігінің 3 тармағымен  айыпталған қылмыстық іс қаралды.

2017 жылғы 15 шілдеде сағат 21.00 шамасында О. Розовый көшесі 15 үйдің қасына келіп, бөгде адамның үйіне заңсыз кіріп,  бағалы заттарды  іздей бастаған.  Нотбук, фотоаппарат, алтын әшекейлер және де ұялы телефон тауып алып, жасырын жымқырып, жәбірленуші У-ге жалпы сомасы 505 000 теңге залал  келтірген

Сот отырысында сотталушы О. өз кінәсін мойындады.

Сот үкімімен О. Қазақстан Республикасы  ҚК-нің  188- бабының 2 бөлігінің 3 тармағында көрсетілген қылмысты жасауда  кінәлі деп танылып, оған  мүлкі тәркіленіп,  1 жыл бас бостандығынан айыра отырып, жазасын орташа қаупі бар мекемеде өтеу жаза тағайындалды.

Үкім  заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты