Тұрғын үйге заңсыз кіргені үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында сотталушы К. - ға қатысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188 бабы 3 бөлігімен айыптау (ұрлық, бөтеннің мүлкін адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен үй-жайға заңсыз кіру арқылы ірі мөлшерде жасырын түрде жымқыру) бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, 2017 жылдың сәуір айында бұрын сотталған К. тергеумен анықталмаған тұлғалармен бірге, Алматы қаласы Интернациональная көшесінің бойында орналасқан тұрғын үйге заңсыз кіру арқылы, жәбірленуші Т.-ға тиесілі 3000 АҚШ доллар ақшаны, «Sony» маркалы планшет пен «НТС» маркалы ұялы телефоннын жасырын түрде жымқырған. Нәтижесінде, өзінің қылмыстық іс-әрекетімен сотталушы К. жәбірленуші Т.-ға 1 404 380 теңге материалдық шығын келтірді.

Сот үкімімен К. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188 бабы 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған ҚР ҚК-нің 60 бабының негізінде, түпкілікті мүлкін тәркілеу және 3 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу белгіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық соты