Тұрғын үй ғимараттарының құрылысы уақытша тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «ҚР энергетика министрігі экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы экология департаменті» РММ-нің жауапкер «Компания «АИ» ЖШС-нің құрылысын уақытша тоқтату   туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарынан анықталғаны, талапкер Алматы қаласы бойынша экология департаментімен жоспардан тыс жер бөлігінде «Компания «АИ» ЖШС-нің құрылысына қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат және мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын алу бойынша экологиялық заңнаманы сақтауын тексеру жүргізілді.Тексеріс нәтижесі бойынша акт жасалды. Тексеріс кезінде анықталды, 4 қабатты тұрғын үй құрылысы салынып жатты, жобаны әзірлеусіз шұңқырды нығыздаумен жер қазу жұмыстары жүргізілген, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат және мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы болмаған. Жоғарыда көрсетілген табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтар үшін «Компания «АИ» ЖШС-гін әкімшілік жаза қолдану. Соттан «АИ» ЖШС-гі тұрғын үй кешенінің құрылысын мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алғанға дейін және қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алғанға дейін уақытша тоқтатуды сұраған.

ҚР Экологиялық кодексінің 45-48,51 баптарының талаптарының күшіне сәйкес мемлкеттік экологиялық сараптама күзету облысындағы уәкілетті органдармен арнайы жүргізілетін, мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы ресми құжат болып табылады және міндетті түрде орындалуы қажет.

Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат табиғат пайдаланушыға ҚР Экологиялық кодекстегі тәртіп бойынша сұранымға сәйкес беріледі. Табиғат пайдаланушы қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатта көрсетілген шартты орындауға міндетті және ҚР заңдарына сәйкес шартты орындамағаны үшін жауапкершілік жүктеледі. Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі