Трамвай жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданарлық әкімшілік сотында Г. Турсуноваға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610 бабының 2 бөлігінде (Көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы) көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты іс қаралды.

Сот қаулысымен құқықбұзушы Г. Турсунова Қазақстан Республикасының 610 бабының 1 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзғаны үшін кінәлі деп танылып тоғыз ай мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айырылды.   

Соттың анықтауы бойынша: Г. Турсунова КТ-4D трамвайын жүргізіп, Алматы қаласының батыс бағытында Мақатаев көшесімен  келе жатып, Сейфуллин және Байтұрсынов көшелерінің қиылысында 14 автокөліктің қатысуымен қақтығыс тудырды.  Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде автокөліктерге механикалық залал келтіріліп, жәбірленушілерге материалдық шығын келтірілді. Яғни осы жол-көлік оқиғасының нәтижесінде адамдардың денсаулығына зиян келтіргендігі расталған жоқ. 

Сот отырысында Г. Турсунова өз кінәсін толықтай мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкінді.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі