«Төрелік» мәліметтік жүйесінде жаңа енгізулер туралы дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында ««Төрелік» мәліметтік жүйесінде жаңа енгізулер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға кеңсе мамандары мен сот отырысының хатшылары қатысты.

Өз баяндамасымен жетекші маман Ә.Сыдықова, бірыңғай, жаңа, автоматтандырылған, «Төрелік» аналитикалық-мәліметтік жүйесінің артықшылықтарын атап өтті. Атап айтқанда, осы жүйе өз бойына барлық электрондық мұрағатты, сот актілерін, сот  интернет ресурстарын және де ең маңызды соттармен диалогты қамтамасыз ететін құрал – «Сот кабинеті» қызметін  біріктірді.

Сонымен қатар, Ә.Сыдықова өз баяндамасында, «Төрелік» жүйесінің оның алғашқы іске қосылғаннан бастап қазіргі таңда 70% жаңарағанына тоқталды.

Дөңгелек үстелді  қорыта келе, кеңсе мамандары мен сот отырысының хатшылары өзара қызуғышылық тудыратын сұрақтарды талқылап,  ұсыныстар мен пікір алмасты.

Қайнар: 
Алматы қаласы Бостандық аудандық соты