Тонау жасауда кінәлі деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық соты адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен тонағаны үшін Я.А.- ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Соттың анықтауы бойынша, сағат 12.30- шамасында 2016 жылдың қазан айында Я.А. ақшаға мұқтаж болып, басқа тұлғамен алдын ала сөз байласып, тонауға бағытталған қылмысты жасамақшы болып келіскен.

Сөйтіп, Я.А. басқа тұлғамен өздерінің қылмыстық ниеттерін жүзеге асыру мақсатында, колледждің алдында тұрған жәбірленуішінің ұялы телефоның қоңырау шалып алайыншы деген мақсатта сұраған. Сол кезде ештенеден күмәнданбаған жәбірленуші ұялы телефонын бермекші болған кезде  Я.А. қолынан жұлып алып, қылмыс жасаған жерден бой тасалап кетіп, өзінің қылмыстық әрекетімен ұялы телефон иесіне 200 000 тенге материалдық залал келтірген.  

Сот отырысы барысында Я.А. өз кінәсін толық мойындады.  

Сот үкімі бойынша Я.А. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің  191 бабының 2 бөлігінің 3 тармағымен кінәлі деп танылып, оған осы баппен және ҚР ның ҚК нің 62 бабының 3 тармағының негізінде және «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» 13.12.2016 жылғы ҚР ның Заңының 4 бабының 2 бөлігінің негізінде түпкілікті мүлкін тәркілеумен, 2 жыл 2 айға бас бостандығын шектеу түріндегі  жаза тағайындалған.  

Үкім заңды күшіне енді. 

Источник: 
Алматы қаласының Медеу ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі