Татуласу келісімі бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер «Premium Facility Management» ЖШС-нің жауапкер Б-ға үйді ұстау үшін жұмсалған шығынды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы барысында, тараптар татуласу келісімі туралы өтініш берді. Сот татуласу келісіміне дейін тараптарға оның құқықтық салдарын түсіндірді. Келісім-шартқа сәйкес, жауапкер Б. талапкер «Premium Facility Management» ЖШС-не 2017 жылдың 01 қарашасына дейін 996 795 теңге көлемдегі ақшалай қаражатын қайтарады. Өз кезегінде талапкер «Premium Facility Management» ЖШС-і жаупкерге қатысты өз талаптарынан бас тартады.

Сот ұйғарымымен татуласу келісімі бекітілді.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енбеді.

Источник: 
Алматы қаласының Медеу аудандық соты