Тараптармен медиативтік келісім жасалынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотында Қазақстан Республикасы  ҚК-нің  108-бабымен М.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

2017 жылдың 24 мамырында сағат 00:00 шамасында Алматы қаласы «Сельхозработник» бақша ұйымында орналасқан мекен жайда М.  дау-жанжал шығарып,  сол кезінде А.-ның денсаулығына жеңіл зиянын тигізген дене жарақаттарына пайда себеп болды.

Жәбірленуші – жеке айыптаушы, А. айыптаудан бас тартқан, ол жазбаша өтініш жазды, онда ол айыпталушымен татуласуына және медиация туралы шарт істі қысқартуды сұрады.

Сотқа сотталушы М. мен жарақат алған А. арасындағы кәсіби медиатор арасында жасалған медиация келісімі ұсынылды.

Сот қаулысымен М. қатысты Қаазақстан Республикасы ҚК-нің 108-бабымен қылмыстық іс жеке айыптаушы тарапынан жеке айыптаудан бас тартуына және тараптардың медиативтік келісім жасауына байланысты ҚР ҚПК 35-бабы 1-бөлігінің 5-тармағына сай  қысқартылды.

Источник: 
Алматы қаласы Наурызбай аудандық соты